“Жастардан жастарға” ақпараттық керуен Забадамда өтті

“Жастардан жастарға” ақпараттық керуен Забадамда өтті

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Забадам елді мекенінде “Жастардан жастарға” ақпараттық керуен жобасы аясында тұрғындармен және жастармен кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны қалалық Жастар ресурстық орталығының Абай аудандық бөлімшесі ұйымдастырып, негізгі мақсат ретінде жастарды мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру, оларға әлеуметтік қолдау құралдары туралы нақты ақпарат беру көзделді.

Кездесу барысында тұрғындарға түрлі бағыттар бойынша ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, тұрғын үй, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікті қолдау, қысқа мерзімді оқыту курстары мен өңіраралық қоныс аудару мәселелері қозғалды. Әрбір қатысушыға парақшалар таратылып, сұрақтар қойылып, жеке кеңестер берілді.

Халық арасында қызығушылық тудырған негізгі тақырыптардың бірі – тұрғын үйге қол жеткізу жолдары болды. Бұл орайда “Отбасы банк” арқылы жүзеге асырылатын “Бақытты отбасы”, “Жас отбасы” секілді жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар түсіндірілді. Қатысушыларға бастапқы жарна мөлшері, пайыздық мөлшерлеме, кіріс талаптары және тұрғын үй алуға қажетті қадамдар бойынша ақпарат ұсынылды. Көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтарға арналған жеңілдіктер де атап өтілді.

Жұмыспен қамту тақырыбында тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындары, “Жастар практикасы”, “Қоғамдық жұмыс”, “Күміс жас”, “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламалары кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар бұл жобалардың әрқайсысына қалай қатысуға болатыны туралы сұрады, сондай-ақ жұмыс берушілермен тікелей байланысқа шығу мүмкіндіктері жөнінде мәлімет алды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары туралы да ақпарат берілді. Бұл бағдарламалар арқылы жұмыссыз азаматтар жаңа мамандық алып, сұранысқа ие салаларда жұмыс табуға мүмкіндік алады. Оқу курстарының ұзақтығы, оқыту мекемелері және соңынан жұмысқа орналасу мүмкіндігі де кеңінен баяндалды.

Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар мәселесі де талқыланды. 400 АЕК көлеміндегі грантты қалай алуға болатыны, бизнес-жобаны қалай дұрыс рәсімдеу қажет екені, алынған қаражатты мақсатты пайдалану шарттары және есеп беру тәртібі толық түсіндірілді. Қатысушылар кәсіп ашуға ниетті екенін білдіріп, өз жобалары туралы пікір алмасты.

Кездесу аясында өңіраралық қоныс аудару бағдарламасы да таныстырылды. Қоныс аударған азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау, соның ішінде баспанамен, жұмыспен, мектеп пен балабақшамен қамту жайында айтылды.

Тұрғындар мұндай кездесулердің өзектілігін атап өтіп, ақпараттық қолдаудың маңыздылығын жеткізді. “Жастардан жастарға” жобасы алдағы уақытта басқа да елді мекендерде жалғасын табады деп жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаппай егін жинау науқаны басталған сәттен күн тәртібіне шыққан негізгі мәселенің бірі – жаңа өнімді қабылдауға бос орындардың болуы. Осыған...

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдер...