Жаңа индустрия үшін маман дайындау

Жаңа индустрия үшін маман дайындау

Шымкент қаласында жаңа индустрия мен цифрландыру дәуіріне сай білікті мамандар даярлау күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қазіргі заман талабына бейімделіп, еңбек нарығы сұранысына сай кадрлар дайындауға бет бұрды. Бұл бағытта дуальды оқыту, өндірістік практика, жаңа оқу құралдары мен цифрлық технологияларды қолдану жұмыстары қарқын алып келеді.

2025 жылы Шымкенттегі техникалық колледждерде білім алып жатқан студенттердің 60%-дан астамы – инженерлік-технологиялық, ақпараттық-коммуникациялық және өндірістік мамандықтарды таңдаған. Бұл көрсеткіш жаңа индустрияның дамуына тікелей әсер ететін адам ресурсын қалыптастырудың оң үрдісі екенінің дәлелі.

Қалада орналасқан бірқатар колледждер заманауи жабдықталған оқу-өндірістік шеберханалармен қамтамасыз етілген. Мәселен, робототехника, 3D-модельдеу, автоматтандырылған басқару жүйелері бойынша оқыту модульдері енгізіліп, студенттер теориямен қатар, тәжірибені қатар меңгеруде. Бұл – жұмыс берушілер тарапынан қойылатын талаптарға тікелей жауап беретін жүйе.

Сонымен қатар, кәсіптік білім беру мекемелері мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық орнап, өндірістік тәжірибе өтетін мекемелер саны артып келеді. Колледж түлектері оқу аяқталған соң сол кәсіпорында тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Бұл – техникалық білім беру жүйесінің еңбек нарығына ықпалдасуының нақты көрінісі.

Шымкент қаласының әкімдігі мен білім басқармасы жыл сайын оқу орындарында жаңадан ашылатын мамандықтарды өңірлік сұранысқа сәйкестендіріп отырады. Әсіресе, құрылыс, логистика, жеңіл өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы техникасы сынды салаларда мамандарға сұраныс жоғары. Осыған орай, жаңа оқу жылында колледждерге мемлекеттік тапсырыс көлемі көбейіп, нақты өндірістік бағыттағы мамандықтарға басымдық берілді.

Цифрлық индустрия мен "жасыл" технологиялар дамыған қазіргі уақытта техникалық мамандықтар бұрынғыдан да өзекті. Шымкентте осы өзгерістерге икемделе отырып, кадр даярлаудың жаңа үлгісі қалыптасып келеді. Білім беру бағдарламаларына жаңа модульдер қосылып, заманауи өндіріс талаптары ескеріледі. Бұл студенттердің тек диплом иесі ғана емес, шынайы кәсіби маман болып шығуына жол ашады.

Жаңа индустрияны дамыту – жаңа көзқарастағы, білікті және технологияны меңгерген мамандарсыз мүмкін емес. Сондықтан Шымкенттегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңғыруы – қаланың экономикалық әлеуетін нығайтудың басты алғышарты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 860 тексеру жүргізді, оның 343-і жоспардан тыс, 272 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 245 –...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Цифрлық штабта Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы алға қойған міндеттерін жүзеге...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың...