Алматыда Құраш Зульфикардың жеке көрмесі ашылды

Алматыда Құраш Зульфикардың жеке көрмесі ашылды

2025 жылдың 25 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Құраш Зульфикардың «Аңыздар ізімен» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Құраш Зульфикар – суретші-график, кітап иллюстраторы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Көрме суретшінің 75 жылдық мерейтойына арналады. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде салынған жүзден астам жұмысы осы жолы бір жерге тоғысып, алғашқы графикалық суреттерден бастап, кітаптарға салған иллюстрациялары мен акварельдеріне дейін бар.

Экспозиция хронологиялық және тақырыптық тәртіппен құрылған. Көрмеден көрермен түркі мен ұйғыр мәдениетінің түрлі кезеңдеріне, аңыздары мен тарихына куә бола алады. Ол тек сурет салып қана қоймай, фольклор мен тарихқа, эпосқа негізделген шығармаларға ден қойды.

Ерекше назар аударуға тұрарлық туындысы – 2023 жылы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ұйғыр аңыздарына арналған ауқымды иллюстрациялар сериясы. 2025 жылдың бірінші жартысында суретші мифологиялық сюжеттерді қылқалам ұшымен шебер баяндады. Сөйтіп жаңаша талдаған он төрт толыққанды шығарма жазды.

«Аңыздар ізімен» көрмесі –суретшінің түп тамырына оралуы, өнерге айналған тұтас ұлт мәдениетімен тілдесуі. Экспозиция тамыз айының 15-не дейін жалғасады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітетін және медициналық...