Экология және табиғи ресурстар министрлігі мұнай-газ секторындағы метан шығарындыларын басқару жөніндегі семинарға қатысты

Экология және табиғи ресурстар министрлігі мұнай-газ секторындағы метан шығарындыларын басқару жөніндегі семинарға қатысты

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Мұнай-газ секторында метан шығарындыларын басқарудың кешенді тәсілі: мониторингтен тиімді қысқартуға дейін» атты семинарға қатысты. Іс-шараны Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КПО) компаниясы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Семинарға салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, мұнай-газ секторының ірі операторлары, салалық қауымдастықтар, жетекші талдамалық агенттіктер мен бизнес-серіктестер қатысты.

Бұл алаң метан шығарындыларын бақылау, есепке алу және азайту саласындағы қазіргі заманғы тәжірибемен алмасуға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Метан — климаттың өзгеруіне зор ықпал ететін ең қуатты парниктік газдардың бірі болып табылады.

Семинар барысында Қазақстан үшін технологиялық шешімдерді енгізу мен метан шығарындыларын төмендетуге бағытталған нормативтік-құқықтық базаны күшейту мәселелері қаралды. Мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою, сондай-ақ халықаралық стандарттарды ұлттық басқару жүйесіне енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша Энергетика министрлігі мұнай-газ саласындағы барлық мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықта іске асырылатын басым міндеттерді жариялады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...