Қарулы күштердің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыстан жастар арасындағы өткен әлем чемпионатында алтын мен күміс олжалады

Қарулы күштердің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыстан жастар арасындағы өткен әлем чемпионатында алтын мен күміс олжалады

Арнайы операциялар күштерінің өкілдері Ақтауда жастар арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Халық Арена» спорт кешенінде өткен әлем біріншілігіне 23 елден 250-ден астам жас спортшы қатысты.

«Жекпе-жекте» татамиге шыққан әскери қызметшілер алтын мен күміс медаль еншіледі.

Офицер-мерген лейтенант Дархан Жорағұл 97 келі салмақта алтын иеленсе, 88 келі салмақта топ сержанты – дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушы сержант Азамат Асылбекұлы екінші сатысынан көрінді.  

Дархан Жорағұл Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқып жүрген кезден бері спортпен шұғылдана бастады. Ол 2021 және 2024 жылдардағы жастар арасындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы, генерал-майор Әубәкір Арыстанбековті еске алуға арналған республикалық турнирдің чемпионы.

Сержант Азамат Асылбекұлының спорттық мансабы 2013 жылы Тараздағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатта басталды. Ол қоян-қолтық ұрыстан төрт дүркін ел чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Кубогы және армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Арнайы операциялар күштерінің өкілдері Ақтауда жастар арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ...

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен білім беру саласының қызметкерлері жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті. Оқыту...

Денсаулық сақтау министрлігінде кеңес өтті, оның барысында Ұлытау облысының Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітілді, деп...