Өткізу пункттерінің жұмысы тексерілді

Өткізу пункттерінің жұмысы тексерілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Көлік министрлігі өкілдері Шекара қызметімен бірлесіп, Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекара арқылы өтуге жағдай жасайтын, әрі елдің көлік-логистикалық жүйесінде стратегиялық маңызға ие автомобиль өткізу пункттеріне іс-сапар жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-сапар барысында өткізу пункттерінің инфрақұрылымына жан-жақты тексеру жүргізілді. Оның аясында автокөлік қозғалысына арналған жолақтар, тексеру алаңдары, сондай-ақ азаматтар мен қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен нысандар тексерілді.

Тексеру нәтижесінде бірқатар өткізу пункттерінде, әсіресе жүк көліктерінің Ресей Федерациясы бағытына қарай шығатын бейтарап аймақта жиналуы анықталды. Бұл кезектің қалыптасуына, өткізу рәсімдерінің баяулауына және жүргізушілер үшін қосымша уақыт шығынына әкелуде.

Аталған жағдайға Ресей Федерациясы тарапынан бақылау шараларының қатаңдатылуы себеп болып отыр. Атап айтқанда, жүктерді тексеру рәсімдері күшейтілген, көлік құралдарын қарау уақыты ұлғайтылған, сондай-ақ құжаттарды тексеру мен санитарлық және фитосанитарлық талаптардың сақталуын бақылауға қосымша шаралар енгізілген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Арнайы операциялар күштерінің өкілдері Ақтауда жастар арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ...

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен білім беру саласының қызметкерлері жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті. Оқыту...

Денсаулық сақтау министрлігінде кеңес өтті, оның барысында Ұлытау облысының Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітілді, деп...