Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов онлайн қабылдау өткізіп, тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Тұрғындар осы қабылдауға қала әкімдігінің ресми сайтына өтінімі және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын-ала жазылған.
Кезекті қабылдауда азаматтар жер иеліктерін заңдастыру, қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағынаудандардағы ішкі орам көшелерге асфальт төсеу және балалар спорт алаңшаларын салуға жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджет есебінен жалпы 7,7 млрд. теңге қаралып, кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы 5,7 млрд. теңгеге айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілген. Жыл соңына дейін қаладағы ірі азық-түлік желілері 115-ке дейін, әлеуметтік дүкендер саны 20-ға дейін және жылжымалы нүктелер саны 10-ға дейін жеткізілетін болады.
Сонымен бірге, құзырлы органдармен бірлесе 10 азық-түлік базардағы делдалдық схемаларды тексеру жұмыстары мен нанның бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында, наубайханаларды төмен бағада ұнмен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді.
Тұрғындар көтерген мәселе әрқашан әкімдіктің назарында екенін айтқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, орындалуын өз бақылауына алатынын жеткізді.
Айта кетсек, тұрғындардың қолайлылығы үшін азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жетекшілік ететін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, инфрақұрылым, құрылыс және жер қатынастары, цифрландыру, спорт салаларына қатысты мәселелер бойынша https://www.gov.kz/.../shymkent/activities/population... сілтемесі арқылы жазыла алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.