Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету
Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекованың қалалық қоғамдық кеңестің отырысында баяндады.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 337 мүмкіндігі шектеулі азамат (2021 ж. – 36 537) тіркелген, оның ішінде:
- бірінші топтағы мүгедектер – 3 441 (2021 ж. – 3372);
- екінші топтағы мүгедектер – 14 717 (2021 ж. – 14 556);
- үшінші топтағы мүгедектер – 12 335 (2021 ж. – 12 191);
- 18 жасқа дейінгі 6 844 мүгедек балалар (2021 ж. – 6418) тіркелген.
Нақты айтатын болсақ төмендегі жұмыстар жүргізілді:
- протездік-ортопедиялық құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 4 108 өтініш қабылданып, 1 310 құрал қамтылды (41,8%) (2021 жылы – 6307 өтініш қабылданып, 4382 адам қамтылды (69,5%);
- сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 10 132 өтініш қабылданып, 7 957 құралдармен қамтылды (78,5%) (2021 жылы – 16 322 өтініш қабылданып, 14 846 қамтылды (91%);
- мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 573 өтініш қабылданып, 225 құрал қамтылды (39,2%) (2021 жылы – 1276 өтініш қабылданып, 1163 адам қамтылды (91,1%);
- жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 542 азамат мұқтаж болса, 2 159 азаматқа қызмет көрсетілді (85%) (2021 жылы – 2494 азаматқа);
- 8 033 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 1 200 азамат қамтылды (15%) (2021 жылы –5602 азаматтан өтініштер қабылданып, 4778 адамға жолдама берілді (85,3%);
- мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 18 көлікке 420 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 1200 өтінім);
- Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 55 автокөлікке 567 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 651 өтінім);
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 175 жолдама берілді (2021 жылы – 1 215 жолдама);
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 198 жолдама берілді (2021 жылы – 1641 жолдама).
Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.