2022 жылдың 20 мамыр күні Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынның күн тәртібіне сәйкес 3 мәселе қаралып, талқыланды.
Шымкент қаласы тұрғындарын баспанамен қамту шаралары және мемлекеттік бағдарламалардың , орындалу барысы мен алда тұрған міндеттер, сонымен қатар, 2021 жылғы Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуы және Шымкент қаласындағы әлеуметтік саласындағы мәселелері туралы тиісті басқарма басшылары баяндама жасады.
Кеңес мүшелері аталған тақырыптарға қатысты баяндамаларды алдын – ала талқылап, арнайы ұсыныстары мен сұрақтарын, пікірлерін ортаға салды.
Қала көлемінде шешімі табылмай отырған мәселелер туралы арнайы ұсыныстарды жергілікті билікпен бірлесе отырып, жоғары тұрған органдарға жолдау туралы келісілді.
Кеңес отырысында «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» талқыланып есепке алынды және «Қаланың Қаратау ауданындағы»Қасірет» шатқалының аумағын абаттандыру арқылы Шымкент қаласының тұрғындары үшін жайлы қоғамдық кеңістік құру» мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы туралы Қалалық жайлы ортаны дамыту басқарманың басшысы Ғалымжан Ильясовтың мәлімдемесі бойынша бұл жоба қаланың қазынансынан тиын алынбайды, яғни халыққа ақылы көрсететін қызметтер негізгі табыс көзі болмақ кәсіпкерге. Алайда кеңес мүшелері бұл жоба жүзеге асса ата баба рухына жасалған қиянат деп бір дауыспен қарсылық білдіріп, ұсыныс қабылданбады.
Әлеуметтік сала бойынша маған түскен бірнеше ұсыныстарды басқарма басшысына жеткіздім, алдағы уақытта жауабын жазатын боламын.
Отырыс қортындысы ретінде хаттамалық ұсыныстар берілетін болады.
Отырысты кеңес төрағасы, қоғам қайраткері Мырзахметов Шалатай Мырзахметұлы жүргізіп отырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.