Шымкентке Республикалық штаб төрағасы келді

Шымкентке Республикалық штаб төрағасы келді

Бүгін Шымкент қаласына референдумды қолдау жөніндегі Республикалық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев пен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірдестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов арнайы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Олар Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және еңбек ардагерлерімен кездесіп, 5 маусым күні өтетін референдумның мәні мен маңызы жайында әңгімеледі. Кездесуді Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізіп отырды.

— Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айындағы Жолдауында еліміздің саяси жүйесін жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Сол саяси реформаны жүзеге асыру бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындап отыр. Жалпы, 5 маусымда өтетін референдумның нәтижесінде Конституция жаңа, әділетті Қазақстанның жаңа сипатты негізгі Заңы ретінде танылады. Сондықтан барша азаматтарды аталған референдумға белсенді түрде қатысып, өз азаматтық позициясын білдіруге шақырамыз, — деді Төлеубек Мұқашев.

Өз кезегінде ардагерлердің атынан сөз алған Б.Ізмұхамбетов Конституция – азаматтардың құқықтары мен бостандықтары көрсетілген және олардың сақталуы мен іске асырылуына кепілдік беретін құжат екенін атап өтті.

– Ата Заңымызға енгізілетін әрбір өзгеріс мемлекет пен қоғамға жалпылама түрде ғана емес, әрбір жеке азаматтың өміріне, оның тағдырына, тұрмыс деңгейіне, ұрпақтарының болашағына да тікелей әсер ететіні сөзсіз. Сол себепті әрбір адам референдумға қатысып, өзінің таңдауын саналы түрде жасауы тиіс, – деді Бақтықожа Салахатдинұлы.

Айта кетейік, басқосу барысында еңбек ардагерлері мен мәслихат депутаттары Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы ойларын ортаға салып, қала тұрғындарын референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...