ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қарағанды қаласында төрт жылда бір рет өтетін Бұқаралық ақпарат қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада аяқталды. Спорт додасына еліміздің барлық аймақтарынан сала мамандары қатысты.
Журналистердің Олимпиадасына баланатын бұл республикалық жарыста Түркістан облысы құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Спорттың бес түрін қамтыған сайыста ақпарат құралдары өкілдері қазақ күресі мен футбол, волейбол және үстел теннисі, бильярд спортынан республика бойынша іріктелген құрамалар бақтарын сынады.
Тартысты өткен спартакиадада көш бастаған түркістандықтар қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль бар. Ал, жалпыкомандалық екінші орынға Шымкент қаласының командасы қол жеткізді. Командалық үшінші орынға жергілікті Қарағанды құрамасы жайғасты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...