Тазалық жұмыстары басты назарда

Тазалық жұмыстары басты назарда

Аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, негізгі орталық көшелерімен тұрғын үй аулалары және қоқыс контейнерлерінің айналасындағы бей-берекет қоқыстар тазартылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстарға "Build Stroi" ЖШС 200-ден аса қызметкерлерімен 21 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Төлеметов, Арғынбеков, Өтегенов көшелерінің бойындағы легустарларды қыру жұмыстары атқарылуда.

Санитарлық тазалық және шөп ору жұмыстары аудан әкімі аппаратының Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің мамандары тарапынан күнделікті бақыланып, қадағалануда.

Құрметті тұрғындар коммуналдық сала бойынша туындаған мәселелер туралы бірыңғай 109 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Сондай-ақ, қаламыздың аудандарының көрсеткіштері:

Әл-Фараби ауданы

Әл-Фараби ауданы аумағында тазалық жұмыстары қарқын алды. Басты көшелер мен аялдамаларға механикалық жуу және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілді.

Атап айтсақ, А.Байтұрсынов көшесі, Тәуке хан даңғылы, Түркістан, Б.Момышұлы және Желтоқсан көшелері сұйық сабынмен жуылуда.

Аялдамаларда тазалық жұмыстарымен бірге ілінген заңсыз жарнамалар алып тасталынды. Сондай-ақ, автобус бекеттерінің айналасы сыпырылып, қоқыс жәшіктері жуылды.

Аталған жұмыстарға 12 техника мен 50 жұмысшы тартылды

Еңбекші ауданы

Шымкент қаласында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кезекті тазалық жұмыстары Еңбекші ауданында жүзеге асырылды. Аудан аумағына қарасты басты көшелердің аялдамаларына механикалық жуу мен қолмен тазарту жұмысы атқарылды. Аялдамалардың шыны қорғандары сүртілді.

Бұл жұмыстарға 12 арнайы көлік, жаяу жүргіншілер жолын жууға 2 трактор, аялдаманы жууға 3 арнайы көлік жұмылдырылған.

Жалпы, санитарлық тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар да сыпырылып, қоқыс жәшіктері тазаланды. Жалпы, ауданда аталған жұмыс түрі күнделікті атқарылып, қала тазалығы басты назарға алынған.

Қаратау ауданы

Қала тазалығын тұрақты бақылауда ұстау жөніндегі қала басшысы М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.

Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын «Жасыл жер» ЖШС тарапынан жолдарды, аялдамаларды, арықтарды тазалау жұмыстары тұрақты атқарылып келеді.

Бүгінде ауданда орталық көшелер мен ішкі орамдық жолдарға механикалық тазалау жүргізіліп, аялдамаларды жуу жұмыстары жүйелі өткізілді.

Жоспарлы санитарлық тазалық жұмыстарына 45 арнайы техника мен 180-ге жуық тазалық қызметкерлері қамтылды.

Абай ауданы

Аудан аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары қарқын алды.

Бүгінде ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде.

Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамық көшелер аптасына бір рет тазаланады.

Сонымен қатар, шөп ору жұмыстарына 4 бригада 45 қызметкер, 35 мотокосилка және газон ору жұмыстарына 5 бригада 30 адам 20 техника жұмылдырылған. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты Ораз Жандосов Атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп іргетасының қаланғанына 60 жыл және мемлекет қайраткері Ораз...