Қала әкімі кезекті рет тұрғындарды бірыңғай қабылдады

Қала әкімі кезекті рет тұрғындарды бірыңғай қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. Қабылдауға 100-ден аса азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.

«Аманат» партиясының қалалық филиалы ғимаратында өткен біріңғай қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары және қаланың бас прокуроры Ғабит Мұқанов, Полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков және «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.

Тұрғындардың басым бөлігі жеке мәселесімен келген. 17 азамат баспанамен қамтуды, 15 тұрғын жер телімін үлестіру мен жерді заңдастыру, 10 тұрғын әлеуметтік көмек көрсетуді сұрап келген. Одан бөлек, қоғамдық мәселені арқалап келген 15 азамат жол құрылысының сапасы, мектеп пен емхана құрылысы, бағдаршам орнату, алея салу секілді ұсынысын жеткізді.

Сонымен қатар, тұрғындар жұмысқа орналасу, кәсіп бастауға қолдау көрсету, мал шаруашылығы үшін субсидия, жерді мемлекет иелігіне қайтару, тегін дәрі-дәрмекпен қамту мәселелерін де жеткізді.

Шымкент қаласның әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.

Кезекті қабылдауда азаматтар жер иеліктерін заңдастыру, қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағынаудандардағы ішкі орам көшелерге асфальт төсеу және балалар спорт алаңшаларын салуға жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджет есебінен жалпы 7,7 млрд. теңге қаралып, кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы 5,7 млрд. теңгеге айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілген. Жыл соңына дейін қаладағы ірі азық-түлік желілері 115-ке дейін, әлеуметтік дүкендер саны 20-ға дейін және жылжымалы нүктелер саны 10-ға дейін жеткізілетін болады.

Сондай-ақ қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар қала әкіміне өз рақметтерін айта кетті. Алдағы уақытта кездесулер әлде қайда артады деп күтілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...