Шымкентте «Қала күні» тойланды

Шымкентте «Қала күні» тойланды

19 маусым – «Қала күні» мерекесіне орай Әл-Фараби алаңында «Шарықтай бер, Шымқалам» атты мерекелік гала-концерт өтті. Мереке қарсаңында қалада жиырмаға жуық іс-шара ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қорытынды кешке Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатыстып, көпшілікті мерекемен құттықтады.

Концертте барша қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары - "Жігіттер" тобы, Заттыбек Көпбосынов, Қайрат Нұртас, Маржан Арапбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев және өзге де әншілер өнер көрсетті. Кеш соңы от шашумен аяқталды.

Биыл Шымкентте Қала күні үшінші рет тойланып отыр. 2200 жылдық тарихы бар көне қала осыдан 4 жыл алдын мегаполис статусын алды.

Атап айтар болсақ, мегаполиске құйылған инвестиция көлемі былтыр 60 пайызға артып, 460 млрд теңгеге жетті. Биыл бұл көрсеткішті 538 млрд теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Қала экономикасындағы ірі саланың бірі – құрылыста жалпы 1 триллион теңге айналымда жүр. Жаңа индустриалды аймақтар құрылып, онда арнайы жобалар қолға алынуда. Білім, медицина, әлеумет, инфрақұрылым салаларында да жаңалықтар мен жетістіктер көп.

Қала тіршілігі үшін стратегиялық маңызды нысандар іске қосылды. №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы - Қазақстандағы ең үлкен газ тарату станциясы. Енді қаладағы жаңадан ішкі жүйелері жүргізілген барлық шағын аудандарға газ беруге мүмкіндік туды. Бұл – тұрғындардың тұрмысын жақсарту жолындағы маңызды қадам. «Бозарық», «1-М-1 қосалқы» электр станциялары арқылы 350 мыңға жуық тұрғынды сапалы электрмен қамтыдық. Ұзындығы 30 шақырымнан асатын қаланың Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында «Көмешбұлақ» су құбырының құрылысы жүріп жатыр. Осылайша қала тұрғындарын 2025 жылға дейін ауыз су, жарық, газбен қамтылу көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарда бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...