Еңбекші ауданындағы Сайрам шағынауданының тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасына белсенді қатысып, өз жобаларын ұсынған болатын. Нәтижесінде, биыл 10 үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы құрылады.
Қазіргі сәтте шағынаудандағы №7,10 көпқабатты үйлердің ауласындағы ойын алаңшасы балалардың игіліген берілген болса, №6,9 үйлердің ауласында жұмыстар жалғасуда. Өндірістік кестеге сәйкес өзге үй аулаларында да жұмыстар басталғалы тұр.
Сайрам шағынауданында көпқабатты 29 үй орналасқан. 2013 жылы шағын аудандағы барлық үй аулаларына абаттандыру жұмысы жүргізілген. Уақыт өте келе балалар ойын алаңшаларының бірқатары көнеріп, қайта құруды қажет еткен.
Қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, шағынауданындағы көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату 2022-2025 жылдарға жоспарланып, іс-шара жоспары бекітілген.
Өткен жылы бұқаралық спортты дамыту мен тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін ықшам ауданда 2 ашық спорт алаңшасы орнатылды.
Қазіргі таңда, абаттандыру жұмыстары 28 аулада жүргізіліп жатыр. Аталған аулаларда тұрғындар демалуына арналған орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойын элементтері және ересектерге арналған спорт элементтері орнатылуда. Аталған жұмыстарға «Strong service»ЖШС-ы, «New level» ЖШС-ы жауапты.
Ал қалған 22 ауланы абаттандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Шымкент қаласы аумағын абаттандыру қағидасының 10-тармағының 1 тармақшасы /барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың және заңды тұлғалары, оның ішінде күрделі жәнеуақытша объектілер дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарт жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауд, абаттандыруды қамтамасыз етеді/, 97 тармағы /ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау/, 98 тармағы /өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді/, 102 тармағы /дүкендер мен кеңселердің беткі жақтары және жұмыс жағдайында ұсталуы керек, қажет болған жағдайда жеке элементтері теңгерім ұстаушымен жөнделеді және сырланады/ бойынша аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандар аумағының талапқа сай толық абаттандырылу және көгалдандыру жұмыстарына мониторинг жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.