№72 мектептің қосымша ғимараты келер жылы пайдалануға беріледі

№72 мектептің қосымша ғимараты келер жылы пайдалануға беріледі

Шымкент қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған. Білім мекемесінде 3 556 оқу жылын аяқтады. Оқушы саны шамадан тыс көп болғандықтан қосымша ғимарат қажеттігі туындаған.

Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №72 мектептің қосымша ғимарат құрылысын да көрді.

Жаңадан салынып жатқан оқу корпусының сыйымдылығы 375 орын. Екі ауысымда 700 жүзден аса оқушы білім алуға болады. Қолданысқа берілген нысанда балалардың білім алуымен бірге 27 жаңа жұмыс орны ашылады.

Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 1350,74 шаршы метр. Құрылыс жұмысы осы жылдың наурыз айында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың тамызына жоспарланып отыр.

2021-2022 оқу жылында №65 мектепте 3 268 оқушы білім алды. Сыйымдылығы 1251 оқушыға арналған ғимаратта 3 ауысымда сабақ жүргізілген. Жаңа ғимарат бой көтерсе, екі ауысымда мыңнан аса оқушы білімін жалғастыра алады.

Шымкент қаласында биыл бюджет есебінен 5 мектептің жанынан 300 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде. Себебі бұл мектептер қазіргі таңда 3 ауысымды білім беруде. Нәтижесінде қалада үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейді. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қосымша ғимарат құрылысы жүргізіліп жатқан Нұрсәт ықшамауданындағы № 80 орта мектепке барды. Қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы және межелі мерзімде тапсыруды міндеттеді. Жаңа ғимараттың «А» блогында кіреберіс және спортзал, 66 орындық асхана қарастырылған болса, «Б» блогында бастауыш сынып оқушыларына арналған 375 орын бар. Қосымша нысан құрылысы осы жылдың мамыр айында толығымен аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...