Ұзындығы үш шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселді

Ұзындығы үш шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселді

Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрғын алабының халқы көптен бері кездесулерде жол мәселесін көтеріп келген. Нәтижесінде қала әкімінің бекіткен іс-шара жоспарына еніп, былтырдан бері аталған тұрғын алаптың барлық көшелері кезең-кезеңімен ретке келтірілуде.

Жалпы ұзындығы 3,80 шақырымды құрайтын Кендала, Жастар, Тельман көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Ал,жолға төселген асфальттың қалыңдығы 10 см.

“Көшелерімізге 30 жылдан кейін асфальт төселіп отыр. Тұрғын алабымыз облыстан қалаға ауысқалы бері жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына кіріскен еді. Міне, шаруа соңына жетіп, қуанышқа кенелтті”– дейді тұрғындар.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, бүгінде жөндеуге жоспарланған 308 көшенің 145 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшені аяқтап пайдалануға беру 2022 жылдың тамыз айының соңына жоспарланған.

Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы - 2,7 шақырым, ал ені - 5 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшедегі жұмыстар күзге дейін аяқталады деп күтілуде.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармамының мұрындық болуымен қолға алынған істің нәтижесінде 150 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылған.

Сонымен қатар, қаладағы ең маңызды көшелердің бірі саналатын Темірлан тас жолы бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер өткелі толығымен қайта сызылып, жаңартылды.

Үшінші мегаполисте биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады.

Айта кетейік, жол таңба сызықтарын сызу түнгі уақытта жүргізілуде. Мұның өзі күндізгі уақытта көлік кептелісін тудырмау мен қозғалысқа кедергі келтірмеу мақсатын көздейді, деп хабарлайды Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармамының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық...