Еңбекші аудандық партия филиалына қала тұрғыны Ақмоншақ Ұзақбай есімді азаматша арыз шағымын айтып келген болатын. Еңбекші ауданына қарасты 18 мөлтек ауданының көшесінің жолдары мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеуді сұрап, өтініш білдірді.
«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы әрі әкімі Досбол Күздікбайұлы арыз иесінің сұрағымен толыққанды танысып, мәеленің оң шешімі болатынын жеткізді. Қалалық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының ықпалымен «АлемТрансЖол» ЖШС-і тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, асфальт қабаты төселді.
Еңбекші аудандық партия филиалына Бадам тұрғын алабы №195 кварталда орналасқан №5 көшенің тұрғындары атынан Балнұр Даниярқызы келіп, аталмыш көшені қайта жөндеуді сұрап, өтініш білдірді. Бұл мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы әрі аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы толыққанды танысып шықты.
Қоғамдық қабылдау нәтижесі бойынша аудан әкімі тиісті шаралар жасалатынын жеткізді. Атап айтсақ, қалалық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының көмегімен «АлемТрансЖол» ЖШС-і тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Бүгінде маусым айы бойынша Бадам тұрғын алабы №5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселінді. Осылайша мәселе оң шешімін тауып, тұрғындардың сұранысы қанағаттандырылды.
«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық партия филиалына Сәуле шағын ауданы тұрғындарының атынан Бақыт Сағынтай өтінішін білдірді. Аталмыш шағын аудан маңындағы 195, 275, 276 орамдар арасын қосатын 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізуді өтінген болатын.
Өтініш берушінің сұрағы бойнша Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев тиісті жұмыстар жүргізілетінін хабарлаған. Нәтижесінде 2022 жылдың мамыр айының 30 күні Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданы маңындағы 195, 275, 276 орамдар аралысын қосатын 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылып, тұрғындардың өтініші орындалды, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.