Түркістандағы әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерін көрсететін орталық туралы не білеміз?

Түркістандағы әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерін көрсететін орталық туралы не білеміз?
2021 жылы Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерін көрсететін орталық құрылған болатын.
Орталық аталған бағыттағы жұмысын үш бөлімшеге бөліп жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу көмек» бөлімшесі - өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Бұл туралы Түркістан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.
Екінші, «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге, зейнет жастағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласуға және денсаулықтарын жақсартуға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін ұйымдастырады.
Және «TEN QOGAM» бөлімшесі ерекше қажеттілігі бар азаматтарды әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімдеп, жұмыспен қамту және экономикалық белсенділігін арттыруы үшін кешенді қызметті ұсынады.
2021 жылы жұмысын бастаған орталық бірқатар әлеуметтік бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Мекеме бірнеше бөлімшеге бөлініп, тұрғындарға көмек көрсетуде.
Жыл басынан бері «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесіне 134 зейнет жасындағы азамат тіркеліп, орталық қызметіне жүгінген. Бөлімше арқылы 395 адам емдік массаж алған.
Бөлімше психологы 45 қызмет қасиеттерді анықтау бойынша жұмыс жасаған.
«Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесінен жыл басынан 43 отбасы, 124 азаматқа әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетілген.
Олардың қатарында 57-і кәмелет жасындағы жасөспірімдер, 11-і қарт адамдар бар.
Әлеуметтік қызметтерді кешенді түрде ұйымдастыру бағытында ведомствоаралық меморандум түзіліп зорлық- зомбылық жағдайы тіркелген отбасыларға зерделеу жұмыстары жүргізілген. Алғашқы психологиялық көмектер, құқықтық кеңестер және демеушілердің ықпалымен әлеуметтік жәрдем берілді.
Бүгінгі таңға дейін аталған бөлімше арқылы 20 адамға құқықтық көмек көрсетілген. 39 адамға психологиялық диагностика жасалса, 22 адамға медициналық көмек алған.
Одан бөлек, 8 адам дағдарыс орталығына орналастырылып, 25 адам жұмыспен қамтылды.
«TEN QOGAM» бөлімшесіне 189 ерекше қажеттілігі бар азамат тіркелген.
Қазірде оның ішінде 73 азамат өздері білдірген өтініштер негізінде жалпы сипаттағы көмектерге жүгінуде. Және жеке кәсібін ашуға арналған бизнес-тренингке 34 қызмет алушы азамат қатысты. 15 ерекше қажеттілігі бар адам заманауи IT дағдыларын жетілдіру мақсатындағы «I TeachMe» инклюзивті турына қатысып, сертификаттар алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...