Жауынгерлік клуб ашылып, облыстық біріншілік өтті

Жауынгерлік клуб ашылып, облыстық біріншілік өтті

Спорт – денсаулық кепілі. Ал, дені сау адам ғана болашағынан үміт күттіретін қоғамның толыққанды мүшесі бола алады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауындағы бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшалары мен спорттық ғимараттардың санын арттыру жайындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданында тағы бір заманауи спорт ғимараты қолданысқа берілді.

Аудан жастарына грепплинг, бокс, күрес, ММА және панкратион сынды спорттың аралас жекпе-жек түрлерін үйрететін «MUHAMMAD ALI» жауынгерлік клубының салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Аширбай Тасов, халықаралық дәрежедегі төреші, даңқты балуан Бақыт Жаңбырбаев пен Жетісай ауданы №1 БЖСМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Райымбердиев, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Сағынбекұлы Мутаев, «Alash pride grand prix» жеңімпазы Бағдос Олжабай мен жекпе-жек спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Махсуда Джаппарова сынды спорт майталмандары мен жанашырлары, қала тұрғындары қатысты.

Ұлттық жекпе-жек спорт түрінен Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Азиз Анетов пен жекпе-жек спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Махсуда Джаппарова, «Жетісай спорт клубының» (Jetisay Sport Cluby) жаттықтырушысы, жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Рауан Жолдас жаттықтыратын орталықта жекпе-жек спортына қызығатын жастар да, ересектер де шұғылдана алады. Бір мезетте 200 спортшының жаттығу жасауына мүмкіндік қарастырылған.

Клубтың салтанатты ашылу рәсімінен соң Түркістан облысы ұлттық спорт жекпе-жек федерациясының президенті Азиз Анетов пен Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт (Жетісай Мәдениет Спорт Бөлімі) бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар – есірткіге қарсы» ұранымен Түркістан облысының ашық біріншілігі өтті.

Жастар арасында қазақтың жекпе-жек спорт өнерін кеңінен тарату, әлемдік деңгейде мәртебесін көтеру және рухани байлыққа, салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, жастар арасында нашақорлыққа қарсы дағдыны қалыптастыра отырып қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараға 2000 – 2003 жылы туылған жастар 53, 57, 61, 66, 70, 75, 80+ келі салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыларды анықтады.

Бабы мен бағы қатар шауып, қарсыластарынан басым түскен жеңімпаз спортшылар ұйымдастырушылардың дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...