Мұрат Болатұлы: Зиянкестерге қарсы күрес кешеуілдемеуі тиіс

Мұрат Болатұлы: Зиянкестерге қарсы күрес кешеуілдемеуі тиіс

Мырзышөл өлкесі – ерте көктемнен қара күзге дейін шаруалары талмай еңбек етіп, негізгі күн көрісі ауылшаруашылығы саналатын аграрлы аймақ. Адал еңбек пен маңдай тер арқылы жер емген еңбеккеш халықтың құтты мекені. Өлкенің негізгі өнімдері бау-бақша дақылдары мен ақ ұлпалы мақта дақылы. Барыс жылында Жетісай ауданының шаруалары 49,5 мың гектар алқапқа ақ алтын дақылын егіп, мол өнім алуға ниетті. Дегенмен, өнімділікті арттыруға кедергі келтіретін ауа-райының қолайсыздығы мен зиянкестерді естен шығаруға болмайды. Алқапқа келтірілетін шығын мен зиянкестер зардабының алдын-алу үшін аудан әкімі Мұрат Болатұлының төрағалығында Абай ауылдық округінде семинар жиын өтті.

Басқосуға аудан басшысымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов, аудан әкімінің орынбасары Асан Жақыпбекұлы мен аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастар бөлімінің басшысы, «Қазсушар» РМК Жетісай аудандық өндірістік бөлімшесінің басшысы Орынбасар Тастанов,Түркістан облысы биоагент (энтомофаг) өндірушілер қауымдастығының төрағасы Пердебек Абдразахов, болжамдар әдістемелігі орталығы Түркістан облысы Жетісай аудандық филиалының басшысы Қайрат Досаев, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты Оңтүстік Қазақстан филиалы мамандары мен аудандағы биофабрикалар мен биолаборотория басшылары, «Syngenta» компаниясының Түркістан, Қызылорда облыстарының жауапты өкілі Нұржау Әбдіғаппаров пен «AgroSad» ЖШС мамандары, «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС басшысының орынбасары Амандық Қостақов, ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандары, шаруа қожалық иелері мен шаруалар қатысты.

Жиын барысында Мұрат Болатұлы тұрғындардың денсаулығын сақтау, экологиялық таза өнімдерді тұтыну, қоршаған ортаның экологиялық жағдайының таза болуына аса зор көңіл бөлу керектігін атап өтіп, шаруаларға зиянкестермен күресу үшін биологиялық тәсілді пайдалануға шақырды.

Сала мамандарының айтуы бойынша бүгінгі күнде мақта көбілегінің бірінші ұрпағы аудан көлеміндегі мақта дақылана үлкен қауіп төндіріп тұр. Сондықтан шаруалар бірінші кезекте біргелісіп өзінің егістік алқаптарының басында және арық-атыздардың бойында орналасқан арамшөптерді шауып, өндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді. Сәуір айының екінші он күндігінде шыққан мақта көбелегі арық-атыз бен жол бойларындағы арамшөптерде көбейіп, маусым айының бірінші он күндігінде мақта дақылына өте бастайды. Әрбір мақта көбелегі 2500-3000-ға дейін жұмыртқа тастап, бір ай көлемінде өмір сүреді, қойылған жұмыртқалардан үш күннен соң дернәсілдер пайда болып, әрбір дернәсіл алты жас өмір сүреді. Өмір сүру дәуірінде мақта қозасының дамуына үлкен зиян тигізіп, өнімділікті төмендетеді. Мақта көбелегінің ең қауіпті ұрпағы көбелектері шілде айының бірінші онкүндігінде ұшып, оның алғашқы дернәсілдері шамамен 13-15-17 шілде күндері шыға бастайды. Осыған орай биолаборатория материалдары (трихограмма, гобробракон, алтынкөз) мен сенімді, лизенциясы бар компаниялардың («Syngenta», «AgroSad» ЖШС) дәрі-дәрмектерді дұрыс пайдаланып, зиянкестерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыруымыз керек. Экономикалық зиянды шегінен асқан жағдайда ғана пестицидтерді қолдануды ұсынды.

Сонымен қатар, шаруаларға мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктердің(субсидиялар) әрбір бағыты бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Жиын соңында Нұржау Оразханұлы шаруаларға «Syngenta» компаниясының зиянкестерге күрес тәсілдері мен мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктерді алу жолының нұсқаулықтарын үлестіріп берді.

Айта кетейік, қазіргі таңда аудан көлемінде шаруалар үшін 3 биофабрика мен 13 биолаборатория өз қызметін атқарып жатыр. Мақта дақылын қорғау мен өнімділікті арттыру мақсатында 29 мың гектар алқапта биологиялық әдіс, 15 мың гектарға химиялық әдіс арқылы зиянкестерге қарсы жұмыстар жүргізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...