Келес ауданында «Құрбан айт» мерекесіне орай спорттық сайыс ұйымдастырылды. Спорттық сайысқа қатысушылар кіші футбол, гір тасын көтеру және қол күрес сынды спорт түрлерінен күш сынасты.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген шара Ошақты ауылдық округі аумағында өтіп, кіші футболдан ауылдық округіне қарасты 16 құрама және қол күрес, гір көтеруден сайысқа ауыл жастары қатысып, өзара сынға түсті. Жақсы нәтиже көрсетіп, қарсыласын базып озып, спорттық дайындығын көрсеткендерге қошқар беріліп, арнайы ауыл әкімінің кубогы мен естелік сыйлықтар табысталды.
«Бүгін жабық спорт алаңшасына жиналған ауыл тұрғындары Кіші футбол, гір тасын көтеру, қол күрестен өзара сынға түсті. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасына табады. Сайысты өткізуде демеушілік еткен ауылымыздың кәсіпкерлеріне өз алғысымды білдіргім келеді» - дейді Ошақты ауылдық округінің әкімі Нұрмаханбет Нархозиев.
Таласқа толы сайысқа қатысқандардың ең кішісі 18 де болса, ал жас үлкені 50 ді еңсеңгергендер. Осыған қарап, Ошақты ауылында спортпен үнемі айналысатын жастар мен егде жастағылардың көп екендігін аңғаруға болады. Тұрғындар да өз кезегінде аталмыш сайысты ұйымдастырғандарға өз ризашылықтарын білдірді.