Асар-2 шағынауданының қалған бөлігіне инфрақұрылым тартылуда

Асар-2 шағынауданының қалған бөлігіне инфрақұрылым тартылуда

Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700- ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапты. Алайда, шағынауданда инфрақұрылым жобаларына енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар.

Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі орам жүйелеріне құбыр тарту жұмысы атқарылып жатыр.

Шағынауданның қалған бөлігін мемлекеттік жүйедегі электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы биыл атқарылады. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Асар-2 ықшам ауданында кәріз құрылысы да қарқын алған. Ішкі орамдық кәріз құбырының жалпы ұзындығы 39,6 шақырымды құраса, бүгінде оның 40 пайыздан астамы орнатылды. Нысан келер жылы қолданысқа беріледі.

Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Асар-2 шағынауданында 11 мыңнан аса тұрғын тұрады. Бір мектеп және бір балабақша бар. Шағын ауданды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі басты мәселе.

Шағын ауданда атқарылатын жұмыстар жөнінде Шымкент қаласы әкімінің Асар аумағындағы тұрғындармен кездесуі барысында аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов баяндады.

Электр жарығы – 2 139 электр бағаналары орнатылды, 24 КТПГ сатып алынып нысан басына жеткізілді, 30 км электр желісі тартылды. Нәтижесінде 2700 үй электр жарығымен қамтылды. Егжей-тегжей жоспарлау жобасының өзгеруіне байланысты жобаға енбей қалған 1130 үй бойынша ЖСҚ жасалынуда. Мемлекеттік сараптамадан өткен соң, бюджетке ұсынылады. Құрылыс жұмыстары биыл басталса, келер жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.

Ауыз сумен және табиғи газбен қамту жұмыстары 2 кезеңге бөлінген. 1-кезекте ауыз су жүйесі 2700 үйге жүргізілген. 2-кезекте қамтылмаған мың үйге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары биыл басталса, 2023 жылы толығымен аяқталмақ.

38 көшенің 3 көшесі асфальтталған, 35 көшеде тас жол, 6-уы топырақ жол. Биыл Күншоғыр және №1,2,3 атауы жоқ көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмек. 2025 жылы іс-шара жоспарына сәйкес 100% орташа жөндеу жұмысын аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...