Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сәуле шағынауданы 276 орамды аралап, инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын бақылады.
Қазір 276 орамда инженерлік жүйелермен қамту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Елді мекен ауыз сумен толық қамтылған. Сапалы электр жарығын жеткізу үшін құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған болатын. Ұзындығы 76,2 шақырымдық ішкі орамдық желі тартылады. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы орындалған. Шілде айында қолданысқа беріледі. Нәтижесінде, 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туады.
Ал табиғи газбен қамту үшін ішкі орамдық құбыр жүйесін тарту жұмысы осы жылдың шілде айында басталады. Газ жүйелерінің ұзындығы – 28 шақырым. Жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданы маңындағы 195, 275, 276 орамдарындағы 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
Атап айтқанда; 276 орамдағы 27 көшеге (12,9 шақырым), 275 орамдағы 7 көшеге (2,4 шақырым),
195 орамдағы 5 көшеге (1,1 шақырым) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
Жалпы Әл-Фараби ауданында осы жылы 15,87 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылатын болады.
Сонымен бірге, Әл-Фараби ауданында ұзындығы 11 шақырымды құрайтын орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр.
Атап айтқанда Сәуле шағынауданындағы Жеңістін 50 жылдығы тұйығы №1,2 көше, Жастар мен Жабаев тұйығы, Марқакөл, Ақсемсер көшесі, Жаңабазар тұйығы және Мұратбаев көшесінің жалғасы жөнделеді.
МЖК шағынауданы Терешкова тұйығы, Терешкова өткелі, Қамал тұйығы (Застенная).
275 орамдағы Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш және Баянауыл көшесі.
Сонымен бірге, қайта қалпына келтіретін Бекетті мен Красноярский көшесі, Желтоқсан және Іляев көшелерінің қиылысы Байтұрсынов көшесіне кіреберісі де бар.
Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі.
195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және №1 көшелер.
Самал-2 шағынауданы Жабай ата мен Мейірбеков көшесі.
Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейін.
Қазіргі сәтте, 275 орамда (4 көше), МЖК шағынауданында (3 тұйық) және 195 орамда (5 көше) асфальт салу жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.