ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 80 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 80 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Жетісай ауданында тұрғындардың жол қауіпсіздігі мен жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында автомобиль жолдары саласын дамыту ісі кеңінен қолға алынып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жылы су, Мақталы, Баққоныс, Байқоныс, Алтын кемер елді мекендерінде жалпы ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оның 20 көшесі бүгінгі таңда қолданысқа берілген.
Одан бөлек елді мекендерде жалпы ұзындығы 19,6 шақырымды құрайтын 27 ішкі көшеге 416,9 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылса, 13,15 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 1 автомобиль жолына күрделі жөндеу, 3 автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Сонымен қатар ұзындығы 7,47 шақырым елді мекендердегі 17 ішкі көшеге жүргізілген ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары аяқталып, 8 көшеге 8,8 шақырымды құрайтын аяқжолдар салу жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендердегі 2 көше қиылысына бағдаршам қойылып, Жетісай қаласында 6 дана бейнебақылау камералары орнатылған.
Жетісай қаласы тұрғындарының электр қуатына деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында алдағы уақытта 80 га аумақта 110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы жүргізілетін болады. Қосалқы станция қала аумағындағы 12 көпқабатты 440 пәтерлі үйлерді, яғни, 1842 абонентті сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Сол арқылы тұрғындардың электр қуатына деген сұраныстары толық қанағаттандырылып, әлеуметтік жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...