Сонымен, ың-шыңсыз, біреу біліп, біреу білмей қалып өтіп кетті демесеңіз, елдегі ең ірі саяси науқанның бірі аяқталды. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары сайланды. Олар кімдер дейсіз бе? Айтайық.
Нұр-Сұлтан қаласынан - Ақылбек Күрішбаев,
Алматы қаласынан - Сұлтанбек Мәкежанов,
Шымкент қаласынан - Айгүл Қапбарова,
Ақмола облысынан - Нұрлан Бекенов,
Ақтөбе облысынан - Бауыржан Қаниев,
Алматы облысынан - Сұлтан Дүйсембинов,
Атырау облысынан - Сағындық Лұқпанов,
Шығыс Қазақстан облысынан - Ольга Булавкина,
Батыс Қазақстан облысынан - Ләззат Рысбекова,
Жамбыл облысынан - Бекболат Орынбеков,
Қарағанды облысынан - Сергей Ершов,
Қостанай облысынан - Сергей Карплюк,
Қызылорда облысынан - Ақмарал Әлназарова,
Маңғыстау облысынан - Сүйіндік Алдашев,
Павлодар облысынан - Алтынбек Нұхұлы,
Солтүстік Қазақстан облысынан - Ольга Перепечина,
Түркістан облысынан - Әли Бектаев.
Сенаторларыңыз сенімдеріңізді ақтасын, отандастар!
No-comment.kz