«Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» (бұдан әрі – Даму бағдарламасы) әзірлеу кезінде – қолданыстағы стратегиялық жоспарлар зерделенді, қаланың тіршілік қызметінің барлық салаларындағы жағдайға талдау жүргізілді, тұрғындардың мыңдаған өтініштері қаралды. Нәтижесінде, әкімдік және сырттан тартылған сарапшылар негізгі мақсаттарды айқындады – бұл жайлы қалалық орта құру және Алматының барлық аудандарында өмір сүру сапасын жақсарту.
Құжат қала тұрғындары мен қонақтарының өмір сүруі, жұмыс істеуі, бос уақытын өткізуі үшін агломерациямен, тартымды әрі жайлы орынмен неғұрлым тиімді байланысты үйлесімді мегаполисті қалыптастыру үшін әлем қалаларының тәжірибесі мен практикасын ескере отырып Алматының даму бағытын белгілейді.
Құжаттың өзі сарапшылардың кәсіби пікірін, сондай-ақ қала тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып, қаламыздың қысқа және орта мерзімді перспективаға арналған даму пайымын білдіреді.
Даму бағдарламасымен 5 ай бойы Алматы әкімдігінің қызметкерлері мен және әртүрлі қызмет салаларында маманданған 130-дан астам сарапшы жұмыс істеді.
Даму бағдарламасының негізгі басымдықтары осы жылдың шілде айында Алматы қаласы тұрғындарының арасында жалпы талқылаудан өтіп, оның барысында тұрғындар 1280 түсіндірме жолдады және негізгі басымдықтарды мақұлдады, қолдау деңгейі 63%-ды құрады.
Даму бағдарламасы Алматы әкімдігінің қала халқының, қоғамдық топтар мен қоғамдастықтардың өміріне әсер ету призмасы арқылы бастамаларды бағалай отырып, адамға бағытталған қағидатты ұстану ниеті мен негізгі тәсілін, сондай-ақ қала тұрғындарын қаланы басқару процестеріне белсенді тартуға бағытталғандығын көрсетеді.