Министрлік ресейлік вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты

Министрлік ресейлік вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ресейлік "Спутник V" вакцинасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шорановтың айтуынша, белгілі бір санаттағы адамдарға Ресей вакцинасын салуға тыйым салынады.

"Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасы аденовирусқа қарсы екі серотипке негізделген тірі векторлық вирус-вакциналар түріндегі препарат деп айтқым келеді. Бұл вакциналар созылмалы, респираторлық ауруларға жақсы. Бірақ бұл вакцинаны жүкті әйелдерге, емізетін келіншектерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға салуға болмайды", - деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Еске салайық, 1 тамызда қазаннан бастап ресейліктерге жаппай вакцина салынатыны белгілі болды. Ел билігі вакцина алдымен арнайы топтағы адамдарға, яғни, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне салынатынын айтты. Ресейлік "Гам-Ковид-Вак2" векторлы вакцинасы SARS-CoV-2 гені енгізілген аденовирус ДНҚ негізінде жасалған.

Ал 11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина тіркеуден өткенін мәлімдеген болатын. 

 https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ministrlk-reseylk-vaktsinanyi-kmderge-saluga-bolmaytyinyin-312535/

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы берген халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жөніндегі тапсырмалардың орындалу...

Қазақстанда әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа әдістемесі – PSY-суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтауға бағытталған тәуекелді...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси...

Суару маусымының басынан шілде айының соңына дейін еліміздің оңтүстігінде егіс алқаптарына 8,15 млрд текше метрден астам су алынды. Биыл вегетация...