Алматыда кинотеатрлар қандай жағдайда ашылатыны айтылды

Алматыда кинотеатрлар қандай жағдайда ашылатыны айтылды

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин көрермендерді 30 пайыз сыйымдылықпен кинотеатрларға кіргізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Театрлар мен кинотеатрлар қазір онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр. Енді біз әр театрға театр әкімшілігі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіні туралы нұсқауларды қарастырып жатырмыз. Бұл қашықтық, маска мәселелеріне қатысты. Әрине, ғимараттарда адам саны шамадан тыс болмауы керек. Егер бұл шаралар сақталса, санитайзерлер, қашықтықтан істейтін термометрия орнатылса, бұл объектілер жұмыс істейді.

Қазір көрермендердің 30 пайызын кинозалға кіргізу мәселесі қарастырылып жатыр. Залдың конфигурациясына байланысты. Ол не шахмат түрінде, не қатарлар немесе көрші орындықтар арасында бір метр қашықтық болады. Осындай ұсыныстар түсіп жатыр. Әр зал өзінің нұсқасын ұсынады. Егер шаралар сақталса, онда 30 пайызға көрерменге жол беріледі", - деді Бекшин.

https://kaz.tengrinews.kz/cinema/almatyida-kinoteatrlar-kanday-jagdayda-ashyilatyinyi-312554/

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталығының базасында маңызды кездесу өтті. Шара барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері...

2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны...