ҚР Парламенті мәжілісіне үміткер Нұржан Әшімбетов пен Вера Ким үгіт-насихат жұмысымен Павлодар облысы Успен ауданына барып, аудан орталығының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды бағдарламаны түсіндіру шарасына облыстық мәслихаты депуттығына үміткер Александр Касицин және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жасталап Бараисов қатысып, сайлаушылардың сұрағына жауап берді.
-Биылғы сайлауға барлығы жеті партия қатысып, бәсекеге түсіп жатыр. Біз «AMANAT» партиясының өкілері ретінде сіздермен кездесуге келдік. Қазір бұл партияның атауы ғана емес саяси бағыт-бағдары да толығымен өзгеріп, құрамы жаңарды. Бұл дегеніміз «AMANAT» партиясымен басқа партиялардың бәсекеге түсуіне тең мүмкіндік берілді деген сөз. Биылғы саяси науқан барысында Парламентке 75 пайыз жаңа адамдар келеді деген мақсат қойылды, - деді Нұржан Кемерұлы.
«AMANAT» партиясының атынан үміткер ретінде тіркелген жерлестеріміздің бірі Вера Ким бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің 7-шақырылымына өтіп, әлеуметтік-мәдени даму бағытында жұмыс істеген. Кездесу барысында ол Павлодар облысы бойынша әрдайым ашық болатынын, өңірге қатысты кез-келген мәселені Мәжіліс мінберінде көтеруге әзір екенін жеткізді.
Белсенділер сонымен қатар, ауданның ардагерлерімен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектрін, арыз-шағымдарын тыңдады. Барлығы жасы келген үлкен кісілер болғандықтан, алдағы уақытта медицина қызметінің сапасын көтеруді сұрады. Тұрғындардың сөзінше, ауданда дәрігер жетіспейді. Ал медицина мамандығын бітірген жастар ауылдық жерге барғысы жоқ. Көбі от жақпайтын пәтер үйде тұрғысы келеді. Нұржан Әшімбетов бұл тығырықтан шығудың жолдарын ұсынды. Яғни, аудан орталығындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді сатып алып, орталықтандырылған жылыту қазандықтарына қосып, жас мамандарға үлестіру керек деген ұсыныс білдірді. Белсенділер тұрғындардың басқа да сұрақтарына тұщымды жауап берді.
ҚР Парламенті мәжілісі депутаттығына «AMANAT» партиясының атынан түсіп жатқан қос жерлесіміз Нұржан Әшімбетов пен Вера Ким Успен ауданына үгіт-насихат жұмысымен барғанын хабарлаған едік. Белсенділер ауылдарда және аудан орталығында бірнеше кездесу өткізіп, тұрғындарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Сонымен қатар, кандидаттар аудан орталығында тұратын ардагерлердің, көп балалы отбасылардың, қарапайым жұмыскерлердің үйлеріне арнайы барып, үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, партияға қолдау көрсетуге шақырды.
Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
*Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.