«AMANAT» бағдарламасы: денсаулық сақтау саласы жаңғыртылады

«AMANAT» бағдарламасы: денсаулық сақтау саласы жаңғыртылады

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Ерлан Сұлтангереев денсаулық сақтау саласының үздігі, ардагер Тұрар Шерияздановпен кездесуде заманауи медицина мәселелерін талқылады. Кездесу «Есіктен есікке» акциясы аясында өтті.

Үміткер денсаулық сақтау саласында айтарлықтай өзгерістер болатынын айтты. Партия бағдарламасында осы салада бес жылда жүзеге асырылуы тиіс аса маңызды міндеттер белгіленген. Атап айтқанда, оң өзгерістер ауылдық жерлердің дамуына ықпал етеді.

– Ақтөбе облысы халқының 26 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Партия бағдарламасына сәйкес, негізгі күш облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдауға және дамытуға бағытталады. Бұл ретте денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, кәсіпкерлік салаларын жаңғырту, аудандарды түлету көзделіп отыр. Мәселен, алдағы 5 жылда 19 ауылда жаңа мектеп, 13 ауылда аудандық аурухана салынады, сондай-ақ 78 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт және 196 медициналық пункт ашылады.

Ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін жас дәрігерлерге көтерме жәрдемақы төленеді, олар баспанамен қамтамасыз етіледі. «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы аясында өңірлерде жыл сайын кемінде 100 маманды жұмыспен қамту жоспарлануда, – дей келе Ерлан Сұлтангереев ақсақалды алдағы сайлауға қатысуға шақырды.

Тұрар Шериязданов өмір бойы дәрігер болып еңбек еткен. Ардагер Ойыл туберкулезге қарсы диспансерін басқарды, Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері болды, аудандық санэпидстанцияны, басқа да емдеу мекемелеріне басшылық етті. Ол денсаулық сақтау саласы мәселелерін жетік біледі. Аудандық ауруханалардың жаңа құрал-жабдықтармен, кадрмен қамтамасыз етілетінін естіп, өз қуанышын жеткізді.

— Мен ауылда туып-өстім, көп жылдар жұмыс істедім. Ауылдарда білім мен денсаулық сақтау саласының дамитынына қуаныштымын. Әрбір облыс тұрғыны сапалы қызмет алуы керек. Балалар кең аудиторияларда оқып, науқастар білікті дәрігерден ем ала алады, жастардың дамуына, үйде отырып өз ісін бастауына зор мүмкіндіктер беріледі. «АМАNАТ» партиясының барлық саланы қамтыған бағдарламасы адамдардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасайтыны қуантты. Сондықтан мен партияны қолдаймын және алдағы сайлауда «AMANAT»-қа дауыс беремін, — деді Тұрар Шериязданов.

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында  партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...