Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Бостандық ауданында төрт қабатты ғимараттың құрылысы заңды өрескел бұза отырып салынған. Нысан жоба эскизінсіз салынған әрі бекітілген бас жоспардан ауытқулар тіркелген. Ғимарат Экспериментальная көшесінің солтүстігі мен Ходжанов көшесінің шығысында орналасқан. Болашақта ол әкімшілік орталыққа айналуы керек еді.
Меншік иесімен соттасу екі жылдан астам уақытқа созылды. 2020 жылдың наурыз айында аудандық сот ғимаратты бұзу туралы шешім шығарды. Алматы қалалық соты бірінші сатылы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
2021 жылы сот орындаушысы шешімді орындау кеізнде меншік иесі жер телімін сатып жіберген.
2022 жылы қала құрылысын бақылау басқармасының жер телімін сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызынан соң мәміле жойылып, бұзу туралы шешім күшінде қалды.
Қазір сот шешімі Алматы қаласы Әділет департаментінің өндірісінде, нысанды бұзу мерзімі әлі белгіленбеген.