Қарттар үйінде қанша қария тұрып жатыр?

Қарттар үйінде қанша қария тұрып жатыр?

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар туралы мәліметтерді жариялады.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылдың соңында Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 281 ұйым (2021 жылы – 272 бірлік) болды, оның ішінде стационарлық үлгідегі 172 ұйым, жартылай стационар – 75, уақытша қабылдайтындар – 31, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірнеше шарттары бар 3 ұйым бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
“2022 жылдың соңында осы ұйымдарда тұратындардың саны 40 321 адамды құрады, оның ішінде зейнет жасындағылар – 13 624 адам (33,8%), Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 14 адам (0,03%)”, – делінген хабарламада.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда тұратындардың негізгі контингенті – мүгедектігі бар адамдар. Олардың саны – 24 724 адам немесе қызмет алушылардың жалпы санының 61,3%-ы.
Айта кетейік, 245 мекеме мемлекеттік меншікте болса, 36-сы жеке меншікте (оның ішінде шетелдік меншікте – 4).
Бүгінде Қазақстанда қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған 48 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, онда 5 756 адам тұрады. 2021 жылы 53 қарттар үйі жұмыс істеді, онда 7 321 адам тұрды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...