№2 Шымкент қалалық ауруханасының дәрігері Асхат Жақыбаев асфексияның салдарынан клиникалық өлім жағдайына жеткен сәбиді аман алып қалды. Анасының айтуынша нәрестесі еміп жатып омырау сүтіне тұншығып қалған. Ана сүті өкпесіне түскен бала шашалып, тынысы тоқтаған.
Жүрегі соқпай қалғанын байқаған жас ана клиникалық өлімде жатқан нәрестесіне көмек қолын созуды өтініп дереу жансақтау бөлімшесіне жеткен. Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог шұғыл түрде ауыз қуысын санациялап, нәрестенің жүрегіне саусақтарымен массаж жасау арқылы өкпесін интубациялық түтікшемен жасанды тыныс алу апаратына қосқан. Реанимациялық көмекті сәтті көрсеткен 18 жылдық тәжірибесі бар маманның шұғыл көмегінің нәтижесінде санаулы минуттар ішінде тыныс алу жолдары қалпына келіп, сәбидің жүрегі соға бастаған.
Үш күн ауруханада дәрігерлердің бақылауында болған бала үйіне шығарылды, жағдайы жақсы.
Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушаңдықты, дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіштер (туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Туып-көбеюшілікті жасанды реттеуге болатындықтан және оған этникалық ерекшіліктер әсер ететіндіктен денсаулықтың көрсеткіші ретінде алуға болмайтын сияқты. Кейбір елдерде туып-көбеюді жасанды түрде азайту, денсаулықтың басқа көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді. Және керісінше, кейбір этникалық топтардағы туып-көбеюдің жоғары болуы, денсаулық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, денсаулыққа баға беру үшін туып-көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге кешенді түрде қараған дұрыс.