Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ғимаратының алдындағы фронт-офис мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында қызмет етеді. Мұнда келген халық өзіне қажетті кеңесін алып, өтініштері мен басқа да құжаттарының қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алған. Тиісінше, кеңседегі азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінде азаматтардың ыңғайлығы үшін күту орындары және бағдар беру үшін ресепшн бар.
Айта өтетін ақпарат, бүгінде тұрғындар уәжінің басым бөлігі - әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болып отыр.
Сондықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге жауапты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция және әкімшілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері ашық орталықтандырылған кеңсеге 109 азамат арыз-шағыммен жүгінген.
Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өмірім - болашағымның ертеңі» тақырыбында жасөспірімдер арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде Білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» әдіскері – Гульнара Туткабаевна, Шымкент қаласы полиция департаменті Тұран ауданы полиция басқармасының ӘЗЗҚТ инспекторы полиция майоры - Раушан Қабланбекқызы, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының білім бағытының жетекшісі - Алтынбек Срайылұлы, тәжірбиелі психолог, гештальт-консультант, оратор, тележүргізуші - Марал Жұмагелді мен 130-дан астам мектеп пен 400-ден аса оқушылары мен мектеп психологтары қатысты.
Жлапы іс-шараның мақсаты - жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық дұрыс бағыт-бағдар беру.
Құрметті қала тұрғындары! Ескеріңіз, Сіз ішкі істер органдарына қатысты мәселеңізбен өз ауданынызға қарасты Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау бөлмесіне жүгіне аласыз, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.