Бүгінде Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан үш деңгейлі жолайрық құрылысының 55 пайызы атқарылды. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Негізгі көпір өткелдерінің темірбетонды конструкциясы жақын күндері толық орнатылады.
Жобаға сәйкес Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр аралық құрылыс аумағына енгізілген. Жыл соңына дейін Бәйдібек би-Арғынбеков қиылысындағы жолайрық құрылысын толық аяқтау жоспарлануда. 40-қа жуық техника жұмылдырылған құрылыс аумағында 200-ге жуық адам 2 ауысыммен жұмыс істеуде.
Үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Жолайырық құрылысы аяқталғанда, көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ.
Жобаның техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайырықта ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселеді деп жоспарлануда.
Еске салар болсақ, Көлік кептелісін азайту мақсатында Бәйдібек би даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша ашылатынын хабарлаймыз.
Жұмыс кезеңдеріне сәйкес, көлік кептелісін жеңілдету мақсатында, құрылыс жұмыстарымен ыңғайластыра отырып жолайырықтан өту мүмкіндіктерін қарастырып, алдын ала хабарлап отыратын боламыз.
Д.Қонаев даңғылының 5 кезеңіндегі құрылыс жұмыстары Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғысының 6 кезеңіне дейін аралықты қамтиды.
Қала басшысы осыған дейін жауаптыларға жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасап, туындаған мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында тапсырма берген болатын. Талдау нәтижесінде анықталған тозығы жеткен 50 көшенің 20-сына биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың ішінде магистраль жолдар мен ішкі орам көшелер де бар. Мониторинг тізіміндегі қалған жолдар алдағы жылдары кезең-кезеңмен жөнделетін болады.