ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ - ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ - ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Наурыз қарсаңындағы «Тарихқа тағзым» күні жастардың бойына ұлттық құндылықтapды ciңipу арқылы еліміздің өткеніне құрметпен қарап, болашаққа бағдар жасау бағытындағы іс шаралармен ерекшеленді. Мерекелік бағдарламалар қаланың бірнеше аумағында аталып өтуде.
Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде, Арбат алаңы мен Абай саябағында «Ордабасы – бірліктің туы», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» атты тарихи мультфильмдермен қатар «Ұлы дала таңы», «Көшпенділер», «Жау жүрек мың бала» көркем фильмдері ұсынылды. Тарихи-мәдени кешенге келген қонақтар елімізге белгілі дизайнерлердің жеке топтамаларынан этно стильді дефиле көрсетілімін тамашалады. Сондай-ақ, іс шара барысында тарих тереңінен сыр шертетін «Шығыс базары», «Ұлттық қолөнер - ұрпаққа аманат», «Көне қала сыр шертеді» атты көрмелер мен көріністер ұйымдастырылды.
«Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі» аясында киіз үйлерде ұлттық ас мәзірін әзірлеуден шеберлік сағаттары өтіп, қонақтарға тағамдар Наурызға тарту ретінде ұсынылды. Тұрғындар қазақтың ұлттық ойындары - қазақша күрес, алтыбақан, қол күрес, тоғыз құмалақ, арқан тартыстан жарыстарға қатысты. Сондай ақ бұл күні балалар үйлерінің тәрбиеленушілері «Риксос Хадиша» қонақ үйі концерттік залында тарихи эпизодтарға құрылған мультфильмдерді тамашалап, өткенге саяхат жасады.
2021 жылғы 17 наурызда Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес - Тарихқа тағзым күні болып белгіленген. Бұл күні жастарды ұлттық құндылықтарға баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу, туған өлкенің тарихы туралы ойларын кеңейту, қалыптастыру мақсатында ұлттық, тарихи, өлкетану, көркем мұражайларға экскурсиялар ұйымдастырылады.
Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихи тамыры сонау ғасырлардан бастау алады. Бұл күні біз тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болған әрі елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышпаев сынды Алаш қайраткерлерін еске аламыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...