ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне жергілікті тұрғын қызының жеке куәлігін жасату мәселесі бойынша жүгінген.
Тиісінше, тәртіп сақшылары азаматтық өтінішін жедел қабылдады. Заң талаптарын толығымен түсіндіріп, құжаттарын заң шеңберінде реттеуге көмектесті. Атқарылған тиісті шаралардың нәтижесінде, жаңа үлгідегі жеке куәлік рәсімделіп, иесіне табысталды.
Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты:
-қайтып оралмайтын көші-қон;
-тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;
-жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;
-басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;
-елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;
-ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді.
Өз кезегінде, қала тұрғыны Оразымбетова Мадина Қалдыбекқызы:«Әл-Фараби АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне өзінің қызы Серикбаева Мерей Сейтбекқызы жеке куәлігін рәсімдеуге өтініш қалдырған. Қызметкерлер сапалы қызмет көрсетіп, жедел түрде жеке куәлігін дайындап берді. Сіздерге алғысымды білдіремін»,-деп ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, көші-қон қызметінің барлық сұрақтары бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 97-63-02, 97-63-13, 97-63-37, 97-63-33, 97-63-01, 97-63-07. Сондай-ақ, Шымкент ҚПД Көші-қон қызметі басқармасының Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына өтініштерді жіберуіңізге болады, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...