Қалалық жастар ресурстық және жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен студенттерге мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің бітіруші түлектері жұмыспен қамту бағдарламаларының талаптарымен танысты.
Жастар бизнесіне жол ашатын 2,5 пайызбен берілетін микронесие шарттарымен қатар «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» бағдарламаларының талаптары түсіндірілді.
Айта кетейік, биыл Шымкентте 261 жасқа кәсіп бастау үшін жеңілдетілген несие беру жоспарлануда. Жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2 мыңға жуық, «Алғашқы бос жұмыс орны» жобасымен 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Шымкентте “Жастар” ресурстық орталығының жанынан құрылған мобильді топ өкілдері мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Орталық өкілдері жас буынды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар талаптарын түсіндіріп, арнайы анықтамалық парақшаларды таратты.
Биыл жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Жастар практикасымен» 2 мыңға жуық, «Алғашқы бос жұмыс орны» жобасымен 1 мыңнан астам, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасымен 30-ға жуық жасты жұмыспен қамту көзделуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы мен «Ten qogam» әлеуметтік қолдау мекемесі бірлесе мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеге 36 жұмыс беруші мекемелер қатысып, жалпы 400-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмысқа қабілетті мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған жәрмеңкенің - жұмыс беруші мекемелер мен жұмыс іздеуші азаматтар арасындағы байланысты нығайтуға септігі мол.
Іс-шараға жалпы 100-ден аса жұмыс іздеуші азаматтар келіп, өз мамандықтары бойынша 55 азаматқа тұрақты жұмысқа жолдама берілді.
Сонымен қатар, жәрмеңке барысында қажетті жұмыс орындарын таңдау, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары, өз кәсібін ашуға қайтарымсыз грант алу бойынша кеңестер берілді.
Бүгінде өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен түрлі форматта іс-шаралар өткізілуде. Орталықтың аудандық бөлімдерінде ашылған үйірмелерге жыл басынан бері 400 –ден астам жас қатысуда. Шымкент жастары төмендегідей үйірме түрлеріне ақысыз қатыса алады: ағылшын тілі, IT-бағдарламау, дебат, вокал, үстел теннисі, домбыра және гитара, «Just dance», «Өмірлік дағылар» жастар психологиясы, «Модельдік сән», «Актерлік шеберлік», «Бес асық».