ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАРЫСЫНА 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАРЫСЫНА 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСУДА

Бүгін жаңа Ипподром аумағынан ашылған ұлттық нақыштағы этноауылда Наурыз мерекесіне арналған «Great Qazaq Games» іс шарасы аясында ұлттық ойындардан жарыс өтуде. Мұнда 200-ге жуық киіз үй тігіліп, алтыбақандар орнатылған.
Қазақ мәдениетін, рухани құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға жиналған жұртшылық көкпар, аударыспақ, бәйге, қазақ күресі, асық ату, жанбы ату және дәстүрлі садақ атудан сайысқа түскен 1 мыңға жуық спортшының өнерін тамашалауда.
Аламанға додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Манғолия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Иордания, Польша, Сауд Арабия, Түркия мемлекеттерінен 126 спортшы бақ сынасуда. Сайыпқырандар 3 күн бойы дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсіп, теңге ілуден жарысады. Аударыспақ пен командалық көкпардан жарыс жолына шығып, ұлттық ойынның көркін қыздырады.
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ға­сырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пай­даланудың зама­нымызға сай ұр­пақ тәрбиелеуде ора­сан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.
Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген. 
Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...