Жамбы ату - қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның, ат үстіндегі ойындардың бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиісті болған. Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Ойын қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Терешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады. Әрбір олимпиялық ойындардан кейін оның бағдарламаларына енген спорт түрлернің халықаралық бірлестіктері қайта қарап, түзетулер, өзгерістер енгізіп жүр. Қазір уақыт басқа. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің ережелерін де қайта қарап, заман талабына сай өзгертуге болады. Мысалы, Жамбы ату биатлонның ережесіне сай өзгертуге келеді. Тек шаңғының орнына ат керек. Сонда жаңа спорт түрі жазғы биатлон, "қазақ биатлоны" өмірге келер еді.
Жамбы ату ұлттық спорты да халықты қызықтыра түсті. Ұлттық спорт бойынша 3 стилден тұратын сайыста спортшылар өз өнерлерін көрсетті.
Жамбы ату, Түрік стилі:
1-орын Battulga Otgon- Ulzii, Mongolia.
2-орын Yeralkhan Aikoz Kazakhstan, Түркістан облысы.
3 орын Bakdovlet Babozhan, Kazakhstan.
Жамбы ату (Корей стилі):
1 орын Айтбек Сарбай, Қазақстан, Түркістан облысы.
2 орын Темужин Тсогткуу, Монғолия.
3 орын Ералхан Айкөз, Қазақстан, Түркістан облысы.
Жамбы ату, Қазақ стилі:
1-орын Bakdovlet Babozhan, Kazakhstan.
2 орын Aytbek Sarbai, Kazakhstan, Түркістан облысы.
3 орын Yeralkhan Aikoz, Kazakhstan, Түркістан облысы.
Жамбы ату, Үш стилінің қосқандағы нәтижесі:
1-орын Bakdovlet Babozhan, Kazakhstan.
2 орын Yeralkhan Aikoz Kazakhstan, Түркістан облысы.
3-орын Aytbek Sarbai Kazakhstan, Түркістан облысы.