ШЫМКЕНТТЕ 269 АДАМҒА «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ 269 АДАМҒА «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

Қалада жыл басынан бері 269 адам «қандас» мәртебесін алды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37 адамға артық.
Алыс-жақын шетелдерден көшіп келген тұрғындар «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығында 6 ай бойы мемлекеттік тілді үйреніп, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша көмектер алады. Осындай бейімдеу қызметтері қазір 50 шақты мүшесі бар 18 отбасыға көрсетілуде.
Қандас (репатриант) — жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтары.
1997 жылдың 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының “Халықтың көші-қоны туралы” Заңының 14 бабына сәйкес қандас мәртебесі басқа елдерден көшіп келушілерге беріледі.
Қандастар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шетінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.
Адамдардың қандастар деп тану туралы өтінішін отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі тікелей өзі немесе уәкілетті өкілі арқылы Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға береді.
Қандас мәртебесін беру және отбасын қандастардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды.
Қандастар деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Қандастың куәлігі қатаң есепте болатын құжат болып табылады және осы Заңда көзделген жеңілдіктер мен өтінімдерді алу үшін негіз болады.
Қазіргі уақытта көші-қон процестерін басқару жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон Комитеті.
Уәкілетті органның аумақтық қызметтері - бұл облыстағы және Астана, Алматы қалаларындағы Көші-қон Комитетінің басқармалары.
Айта кетейік, қоныс аударғандардың басым бөлігі - ТМД елдерінен. Өзбекстан Республикасынан - 260, Ресейден – 5, Қырғызстаннан – 1 және Қытайдан – 3 адам көшіп келген.
Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы төмендегі мекен жайда орналасқан. Орталық мамандарына көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Шымкент қаласы, Абай даңғылы 3Г
8 747 914 39 60

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...