Шымкен қаласы Тұран ауданын әкім аппаратының ұйымдастыруымен Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназиясында “Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты - жастар арасындағы жат қылықтардың алдын алу және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға баулу.
Қосымша білім – тәрбие үрдісін ізгілендірудің негізгі мақсаттарын оқушыларға даралап ықпал ету арқылы іске асыра алады. Қосымша білімнің бір саласы – ол музыкалық мектеп. Музыкалық мектепте білім беру жүйесі кәсіби музыкалық білім беруге, рухани адамгершілік мәдениетін жетілдіруге, эстетикалық тәрбие беруге және оқушының бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған. Ол үшін мектепте мынадай мақсаттарды алдыға қоямыз:
-Жеке тұлғаның жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу;
-Музыкалық кәсіби білім беру;
-Шығармашылыққа жағдай жасау;
-Дарынды балалардың мүмкіндігін ашу;
-Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу;
-Оқушының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.
Кездесуде Тұран ауданының АПБ бас инспектор маманы Досан Римма, Тұран ауданының әлеуметтік қорғау статист маманы Сахов Мадияр, Шымкент қаласы Дін істер басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ теолог-маман Жұмаділлә Бексұлтан және Психикалық денсаулық орталығының маманы, дәрігер-нарколог Шаукенбаева Әсем қатысты.
Олар жастар арасында көптеп кездесетін құқық бұзушылықтарға тоқталып, зардап-зияны жөнінде кеңінен тақылады. Сондай-ақ қазіргі кезде мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктілік, нашақорлықтыңда бар екенін жасырмай, онымен күресу жолдарын атады.
Кездесу соңында, жастарға тақырып аясында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетелді.