«КӨКТЕМ ШАПАҒАТЫ» ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

«КӨКТЕМ ШАПАҒАТЫ» ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде екі күнге созылған «Болашақ» пікірсайыс орталығының 10 жылдығына арналған «Көктем шапағаты» республикалық дәстүрлі пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті.
Турнирдің мақсаты- Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын жастарға насихаттау, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу, университет имиджін көтеру, басқа жоғары оқу орындарымен байланыс орнату болатын.
Пікірсайысқа Алматы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облысы мен Шымкент, Алматы, Астана қалаларынан және Түркия мемлекетінен жалпы 128 пікірсайысшы бақ сынасты.
Турнир дәстүрлі жоғары студенттер лигасы және 1 курс студенттерінен құралған жастар лигасы арасында өтті.
Сонымен қатар, биыл республикалық турнирде алғаш рет мектеп лигасы қатысты. Оған 40 фракциядан - 80 оқушы сайысқа түсті.
Тартысты турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйақы мен қазақ тіліндегі үздік кітаптар сыйға берілді.
Анықталғанындай, жеңімпаздар арасында шымкенттік Арғынбай Рахат пен Қызырхан Шыңғар бар. Ал мектеп лигасы арасында шымкенттік оқушылар үздік атанды. Олар барлық жүлделі орынға ие болды.
Ал турнир дің Ең үздік спикері - Түркістан қаласы, ХҚТУ студенті Сапарқұл Жансая атанды.
Шымкенттік оқушылар соңғы үш жылда республикалық пән олимпиадаларында топ жарып, жеңіспен оралуда. Білім саласындағы осындай озық көрсеткіштердің нәтижесінде биыл алғаш рет республикалық олимпиада алаңы Шымкенттен таңдалып отыр.
Республикалық жарыс екі кезең бойынша 20-25 наурыз және 3-8 сәуір аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында өтеді. Еліміздің барлық өңірінен 2 мыңға жуық оқушы қатысады деп жоспарлануда. Білім додасында жергілікті білім ұйымдарынан 90 оқушы бағын сынайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ