Балаларды кибербуллингтен қорғау

Балаларды кибербуллингтен қорғау

Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының балаға қатысты интернет-ресурстарда кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша 18-4 баппен толықтырылған.
Сонымен қатар, Аталған Заңның 18-4 бабының 1-тармағына сәйкес бекітілген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі №365 бұйрығымен «Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидалары» бекітілген.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000451_ сілтеме арқылы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының, ал
https://zakon.uchet.kz/kaz/docs/V2200029469 сілтеме арқылы Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 365 бұйрығын қарап танысуға болады.
Жалпы Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.Егер де:
- саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса;
- сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса;
- әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса;
- сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса;
- саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе;
- жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса;
- сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ