«ЖАСТАРДАН-ЖАСТАРҒА» АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

«ЖАСТАРДАН-ЖАСТАРҒА» АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы мен Еңбекші ауданы жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуен жобасы аясында, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің бітіруші түлектеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағдарламалар жөнінде ақпараттармен таныстыру.
Түсіндірме жұмыстары барысында, мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту, 2,5 %-бен берілетін 5 млн-дық несие жөнінде ақпараттар беріліп, жастарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бірақ жұмысы ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді.
Ал жастарға кеңес мынау. Практикаға қабылданып, жұмыс берушіге жолдама алған жас түлек өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиіс. Жұмыс берушіге жауапкершілігі мен ынтасын, талабын таныта алса, жаңа қызметке ие болмақ. Жастар практикасына қабылданған жас 6 ай бойы практикада болады. Одан аз да, кем де емес. Осы уақыт арасында нәтиже шығарғаны жөн. Жұмысқа келген жасты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сілтейді.
Алғашқы жұмыс орны – бұл 29 жастан аспаған жастар үшін бірінші жұмыс орнында кәсіби білім мен дағдыларды беру.
Бірінші жұмыс орнындағы жұмыс ұзақтығы 18 айдан аспайды, аяқталғаннан кейін қатысушыға кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі.
Жалақы кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.
Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...