Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Мобильді топ» пен Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары бірлесе отыра, Шымкент жоғары педагогикалық колледжі жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстары барысында, мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы» мен «Алғашқы бос жұмыс орны» туралы толыққанды мағлұматтар беріліп, сауалнамаларға жауап берілді.
Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс. Ол бұған дейін де болған, алдағы уақытта да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік-экономикалық проблемалар да туындап қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жастар арасында жұмыссыздар санының көбейе түсер ықтималдығы да мол. Себебі, оның мынандай факторлары бар екендігі екінің біріне белгілі жайт. Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механикаладырылуы, еңбекті интенсивтедіру деңгейінің артуы, әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты өнеркәсіптің т.б. мекемелердің дағдарысқа ұшырауы, тіпті соның кесірінен жабылып қалуы, сондай-ақ мамандандырылудың біржақты жүргізілуі (қаржыгер, мұнайшы) - осындай себептерден жұмыссыздық асқына түсері мәлім.
Жастар практикасына арналған жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс.
Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгіну тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
-Жеке басын куәландыратын құжат.
-Еңбек кітапшасы (бар болса).
-Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.