ОТБАСЫ – ҰЛТ ТІРЕГІ

ОТБАСЫ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Отбасы – әрбір адам өмірінде маңызды орындардың бірінде. Ал, бала үшін отбасының жылуы мен тәрбиесінің әсері ең маңызды болып табылады. Дегенменде сыртқы факторлар да балаға өз әсерін тигізеді. Бүгінде теріс әсерлердің алдын алу мақсатында орталығымыздың психолог мамандарының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында көптеп кездесулер өтуде.
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттануынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.
Сондай кездесулердің бірі - «Отбасы - ұлт тірегі» тақырыбында «Samgau» жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы кездесу.
Мақсаты - жастарды отбасылық өмірге дайындау және дұрыс бағыт-бағдар беру.
Психологиялық жиында болған жастарға ең алдымен тақырып аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, психологиялық кеңестер айтылды. Сондай-ақ түрлі терапиялық ойындар ойнатылып, сергіту сәті де ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...