Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді.
Мәселен, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап, «Сергек Қорғау - қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен миллионды қала - Шымкентте 68776 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 11, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 434, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 429 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 86, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 393, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 276, мас халде көлік басқарған – 245, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 158 жүргізуші белгілі болды. Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған – 17, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 66727 хаттама толтырылып, 1579 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
«Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен жыл басынан 886-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзған 286 жүргізуші ұсталды.
Айта кететін жайт, жол қозғалысы кезінде ережені ескермейтін жүргізушілер үлкен қауіп төндіреді.
Ойланбастан жасалған сәтсіз тәуекелдің соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Осындай апаттың алдын алу барысында «Қорғау» қосымшасы тәртіп сақшыларының жұмысын жеделдетті. Яғни, автоматтандырылған жүйенің көмегімен қауіпті жүргізушіні тез арада анықтауға мүмкіндік туды.
Десек те, әр азамат жол ережесін мұқият сақтауы қажет. Жол қателіктерді кешірмейді, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.