ЖАСТАР ЖӘНЕ РУХАНИЯТ

ЖАСТАР ЖӘНЕ РУХАНИЯТ

Жастар ресурстық орталығында Қазақстан діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының және ҚМДБ Шымкент өкілдігінің бес жылдық мерей тойы мен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Жастар және руханият» аймақтық танымдық жастар форумы өтті.
Мақсаты – жастарды толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім алып, ел игілігі үшін қызмет етуге және деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтануға шақыру.
Қазақ қоғамының бүкіл тарихын таразылайтын болсақ: қоғамның қалыптасып, дамуына қатысты көптеген құбылыстардың болғаны ақиқат. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің беки түсуі үшін тарихи тұрғыдан руханият дүниеміздің түгенделуіне де бей-жай қарамау ләзім.
Дін. Ұстай алсаң, қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің. Әгәраки, жастар жат уағыздарға ерсе, мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Біз бұған жол бермейміз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, еліміз зайырлы мемлекет ретінде одан әрі дамуға тиіс. Біз, Қазақ жастары! Барша қазақстандықтарға сапалы, бәсекеге қабілетті діни, білім беруде ұлттық құндылықтарымызды зайырлы біліммен сабақтастыра отырып, түсіндіреміз! Шара соңында жастар осы сарындағы ұрандармен үндеу қабылдады.
Форумға ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Б.Абдрахманов және Шымкент қаласының бас орынбасары, дінтанушы-магист М.Естеміров, «Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінің ұлағатты ұстазы, термеші К.Шал ақын мен қала жастары қатысты.
Аймақтық танымдық жастар форумы барысында жастарға білім алу, үлкенді құрметтеу, отансүйгіштікке, салт-дәстүрімізді сақтау шақыру жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар, әлеуметтік желінің зияны мен оны дұрыс пайдалу жолдары түсіндірілді. Жиын соңында дін өкілдері жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...